Ұлттық банк: Теңге бағамын тежеудің кері әсері болуы мүмкін
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова теңгенің АҚШ доллары алдында құлдырауын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құбылмалылық сенімді бұзады. Осы себепті халық пен заңды тұлғалар валюта бағамына сенім білдіре алмай отыр. Мұндай кезеңде теңгенің көтерілуін не түсуін сақтап тұру серіппе ұстағап тұрғанмен бірдей. Қатты қысымнан ыршып кетіп, тізгіннен айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Құбылмалықты алыстан бақылау керек. Валюта бағамы екі жаққа да бірдей құлайды делік, әйткенмен бұл тербелісті 3-5 айдың ішінде сынға алуға болмайды»,-деді Әлия Молдабекова «Қазақстан Ұлттық банкі ақшалай несиелік саясаты» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде.
Оның сөзінше, теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне сыртқы факторлар әсер еткен. Ресейдегі рубльдің құнсыздануы осының бір мысалы.