Ұлттық банк тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы бойынша 25 186 өтінім мақұлданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды жалғастыруда

«Ұлттық банктің қаржыландыруы есебінен тұрғын үй құрылысын қолдау жалғасуда. «7-20-25» бағдарламасы бойынша биыл 5 қарашада 295,3 млрд теңгеге 25 186 өтінім мақұлданды, оның ішінде 232,1 млрд теңге сомасына 19 891 қарыз берілді«, - деді ҰБ төрағасы.

Сонымен қатар ол «Баспана Хит« бағдарламасы бойынша да қомақты қаражат игерілгендігін баса айтты.

«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша осы жылғы 5 қарашада 404,5 млрд теңге сомасына 45 866 өтінім мақұлданды. 320,6 млрд теңгеге 37 176 қарыз берілді«, - деді Ерболат Досаев.