17:14, 23 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Ұлттық банк ұсақ ақшаны көптеп шығаруға мүдделі - Қ.Келімбетов
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бізге 500-1000 теңгелік купюралар жетіспейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда, 20 мың теңгелік валютаны айналымға шығару әлі ерте. Себебі дәл қазір ол сан алуан девальвациялық өзгерістерге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. «Бүгінде бізге 200, 500 және 1000 теңгелік купюралар жетіспейді. 5000 және 10000 теңгені айналымнан шығару жұмысын тоқтатпағанда, ол да тапшы болатын еді. Сондықтан қазір біз 200, 500 және 1000 теңгелік купюраларды қосымша шығару бойынша жұмыс жасап жатырмыз», - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов.