Ұлттық банк валюта нарығындағы алыпсатарлық жағдайдың туындауына жол бермейді

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлттық валюта бағамы мұнай бағасы өсе бастаған кезде нығая бастайды деп болжанып отыр.
None
None
Оны ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Г. Марченконың айтуынша, оңтайлы күтулерден асатын бағамның ауытқуларына жол берілмейді. Бұл ретте валюталық операциялардың қолданыстағы режиміне шектеулерді енгізу әлі көзделген жоқ. «Банктер мен валюта айырбастау нүктелері шетел валюталарымен жеткілікті деңгейден артық қамтамасыз етілді. Банктермен болған мәжілісте олар да оны растап отыр. Ұлттық банк, сондай-ақ қосымша 600 миллион долларын әкелді. Сол себепті валюта айырбастауда еш мәселе болмайды. Егер біреулер бәрібір шетел валютасын сатып алам десе ала берсін. Біз тек тұрғындардан ақшаны валюта айырбастау орындарынан емес, банктен айырбастауды ұсынамыз. Өйткені олар бұл сәтті тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Сондай-ақ көршілес кейбір елдерде ұлттық валютаны айырбастау кезінде бірқатар мәселелер туындағаны белгілі болып жатыр», - дейді Ұлттық банктің төрағасы. Г.Марченконың сөзіне қарағанда, олар шетелдік құрылымдар тарапынан бағамға қарсы алыпсатарлық жүріп жатқанын көріп отыр. Мәселен, 2006 жылы теңге бағамы нығая бастаған кезде шетелдік қорлар 7 миллиардтан астам долларды алып-сатуға қойған. Қазір енді кері үрдіс жүріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар