Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
None
None

«Біз Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын және Проблемалық кредиттер қорын Ұлттық банктің бақылауынан шығару туралы ұсынысты қабылдауға әзірміз. Бұл ретте Ұлттық банк пен Үкімет болашақта ағымдағы инвестициялау жүйесіне тән кемшіліктерді болдырмас үшін бұл институттардың тиімді жұмыс істеуіне сенімді негіз құруы қажет», - деді ол.

Сондай-ақ Д.Ақышев Ұлттық Банк зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету және кірістілігін арттыру үшін басқарушы компанияларды тарта отырып, зейнетақы активтерін инвестициялаудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеп жатқанын айтты.

«Соған сәйкес заңнамаға өзгертулер енгізу қажет болады. Жақын арада осы позициялар бойынша қажетті заңнамалық бастамалардың тиісті топтамасы ұсынылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар