Ұлттық банк зейнетақы жинағындағы жағымсыз инвестициялық табыстың себебін түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы жинағындағы жағымсыз инвестициялық табыстың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жыл басындағы 10 күнде Қазақстандағы валюта курсы ауысып, ұлттық валютамыз долларға шаққанда үш теңгеге қымбаттады. Айта кететін жайт, егер ұлттық валютамыз жыл бойы долларға шаққанда қымбаттап тұрса, қазақстандықтар ештеңе байқамайтын еді. Алайда, қаңтардың алғашқы күндерінен бастап-ақ теңге нығайған кезде, құбылмалы кезеңде жағымсыз цифрлар пайда болды. Зейнетақы қорларыңыздағы көрсеткіштерді қазір қарасаңыздар, онда жағымды зонада екенін байқайсыздар. Курс нығайған кезде, валютаның құрамы теңгеге шаққанда арзандаған кезде, қайта есептеліп кетті. Курс орнына келіп еді, жағдай тұрақталды»,-деп хабарлады Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов.
Оның айтуынша, қазақстандықтардың бүкіл инвестициялары жиналып, сыйақы ретінде беріледі, ал жиналған сыйақы күнтізбелік жыл бойынша жүріп отырады екен.