Ұлттық банк жанынан қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 458 Жарлығына сəйкес ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Комитеттің төрайымы болып Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы тағайындалды», - делінген баспасөз баянында.
Комитет белгіленген құзыретінің шеңберінде қаржылық қызметтерді, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын ҚР ұлттық банкінің ведомствосы болып табылады. Ұлттық банк құзыретінің аясында комитеттің негізгі функциялары мыналар: қаржылық қызметтерді көрсету мəселелері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; қаржылық қызметтерді тұтынушыларға олардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша құқықтық көмек көрсету; қаржылық қызметтерді тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау; қаржы нарығының субъектілері көрсететін қызметтердің сапасына жəне олар тарататын қаржылық қызметтер туралы ақпаратқа қадағалауды жүзеге асыру.
Комитет Ұлттық банк бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.