Ұлттық банк жұмыс істемейтін несиелер мәселесін 2016 жылға қарай шешпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін нашар активтер мен жұмыс істемейтін несиелердің проблемасын шешуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Ұлттық банк жұмыс істемейтін несиелер мәселесін 2016 жылға қарай шешпек

«Нашар активтердің немесе жұмыс істемейтін несиелердің проблемасын біз жалпы жүйе үшін 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шешуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Қ.Келімбетов. Осы орайда Ұлттық банк Үкіметпен және өз банктерімен бірлесе отырып Салық кодексінің өзгерістері бойынша тұтас шаралар әзірледі. «Сонымен қатар жақында біз Проблемалы несиелер қорын басқару бойынша тұжырымдама жобасын даярладық. Ұлттық банк 2 жыл бұрын құрған бұл арнайы ұйым қызметінің тиімділігін арттыру аясында арнайы құжат қабылданатын болады», - деп нақтылады Ұлттық банк басшысы.