Ұлттық банкке қаржы ұйымдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты 14 мың арыз түсті

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010-2012 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкіне қаржы ұйымдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан 14 мың арыз түсті.

Ұлттық банкке қаржы ұйымдары қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты 14 мың арыз түсті

Бұл туралы бүгін елордада өткен «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.

«Барлық арыздар бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізіліп, сәйкесінше іс-шаралар атқарылды», - деді ол.

Сонымен қатар Д.Ақышевтің сөзіне қарағанда, консультация жүргізген қаржы ұйымдарына наразылықтары бар 300-ден астам жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ұйымдастырылған.