Ұлттық банкте жұмыс істейтін әйелдердің бала туу көрсеткіші республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары - Григорий Марченко

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Халықаралық әйелдер мерекесі кезінде өз мекемесінде жұмыс жасайтын барлық әйелдерге жыл сайын өз қаржысына гүл сатып алып сыйлайды. Бұл туралы бас банкир бүгін Алматыда қаржы нарығындағы ахуал туралы баспасөз мәслихаты кезінде айтты.
None
None

«Әлеуметтік жәрдемақы төлеуде жұмыс берушілер үлкен рөл атқару керек. Біз бұл мәселені ұзақ жылдардан бері айтып келе жатырмыз. Мәселен ҚР Ұлттық банкінде жұмыс жасайтын 630 әйелдің қазір 112-сі декретте. Бізде қызмет ететін әйелдер қауымының бала туу көрсеткіші республикалық орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары», - дейді бас банкир Григорий Марченко. Оның айтуынша, Ұлттық банкте істейтін қызметкерлердің 63 пайызы әйелдер. Ал басшылық қызметтегілерлердің 52 пайызын әйелдер құрайды.

Соңғы жаңалықтар