Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 58,7 млрд долларға жетті
«Жалпы, халықаралық резервтер сәуір айының соңында 96,3 млрд долларды құрады. Алтын-валюта резервтері сәуір айының қорытындысы бойынша алтын бағасының өсуіне және Үкіметтің шоттарындағы қаражаттың ұлғаюына байланысты 1,5 млрд долларға ұлғайып, 37,6 млрд доллар болды.
Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері сәуір айында акциялар портфелінің өсуіне байланысты 0,5%-ға ұлғайып, 58,7 млрд долларға жетті», - деп баяндады Виталий Тутушкин.
Спикер Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін 600 млн долларға бағаланған қор активтері сатылғанын атап өтті.
«Ұлттық қордан республикалық бюджетке 393 млрд теңгеге трансферт бөлу үшін сәуір айында 600 млн доллар немесе 271 млрд теңгені құрайтын Ұлттық қордың активтері сатылды. Қорға өткен айда түскен жиынтық түсім мөлшері 292 млрд теңгені құрады», - деді Виталий Тутушкин.
Оның мәліметіне сай, жыл басынан бастап сәуір айының соңына дейін теңгенің долларға қатысты бағамы 2%-ға нығайған.