Ұлттық банктің коллекциялық монеталарының бағасы неден құралады
«Монетаның бағасы екі құрамдас бөліктен тұрады:
– бағалы металдардың құны монетаның бағасына әсер ететін негізгі құрамдас бөлік: орташа есеппен алтын монеталардың 85%, күміс монеталардың 52% дейінгі бағасы бағалы металдың бағасына байланысты қалыптасады;
– монетаны дайындап, орауға кететін шығындар алтын монета бағасының 15%, күміс монета бағасының 48% құрайды.
Монеталардың құны күн сайын Лондондағы бағалы металдар нарығы қауымдастығының таңғы фиксингіне (баға белгілеуіне) сәйкес ұлттық валютаның алдыңғы жұмыс күніндегі АҚШ долларының ресми бағамы бойынша теңгемен индекстелетінін атап өткім келеді. Міне, сондықтан да, коллекциялық монеталардың бағасы күн сайын өзгеріп тұрады: бірде қымбаттаса, бірде арзандайды», -деп мәлім етті Жомарт Қажымұратов.
Оның айтуынша, Ұлттық банк сатылымынан пайда табуды көздемейді.
«Коллекциялық монеталарды шығарудағы мақсат – орталық банк еліміздің мәдени және тарихи мұрасын сақтап, оны дамытуға үлес қосу, маңызды жетістіктер мен айрықша оқиғаларға ғасырлық ғұмыр беру».