Ұлттық бірыңғай тест тапсыру барысын интернат арқылы бақылауға болады

АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 730 мектеп бітіруші түлек Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін университетте Бостандық ауданындағы 16 орта мектеп түлектері тапсырды. Ал маусымның 6-да өтетін екінші лекке 23 мектеп қатыспақ. ҚазҰУ-дің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰБТ-ны тапсыруға экономика, заң және биология факультеттерінің корпустарынан 7 аудитория бөлінген. ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, биыл ҰБТ уақыты 3-3,5 сағатқа созылады. Биылғы өзгеріс, түлектердің қалайша емтихан тапсырып жатқандығын ҚазҰУ ғимаратының алдында орнатылқан экраннан көруге болады. Сондай-ақ кез-келген адам ҚазҰУ-дің сайтынан он-лайн режімінде бақылай алады.
Соңғы жаңалықтар