Ұлттық бірыңғай тестілеудің апелляциялық комиссиясының жұмыс істеу тәртібі өзгертілді

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ұлттық бірыңғай тестілеудің апелляциялық комиссиясының жұмыс істеу тәртібі өзгертілді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинова биылғы ҰБТ ережелерімен таныстыру кезінде мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Апелляциялық комиссияға кез келген мектеп бітіруші тестің қорытындысы шыққан күннен бастап, келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін хабарласа алады. Ол өз өтінішін сұрақтың мазмұнына немесе әр түрлі техникалық ақауларға байланысты беруіне құқы бар. Апелляциялық комиссия келген талапкерлермен жеке жұмыс істейді. Егер комиссия өтініштің қисындылығын анықтап, балл қосатындай жағдай туындаса, іс республикалық апелляциялық комиссияға жіберіледі. Өтініштің дұрыс, я бұрыстығын сол жерде анықтап, тиісті шешім қабылданады», - дейді К.Шәмшидинова. «Былтыр жалпы тест сұрақтарының 0,6 пайызы апелляциялық комиссиямен қисынсыз деп танылды. Олардың барлығы тест ішінен алынып тасталды», деп атап көрсетті вице министр. Оның айтуынша барлық өтініштер республикалық комиссияға телекоммуникациялық жолдар арқылы жіберіледі. «Биыл осы жолдардың жақсы жұмысын қамтамасыз ету үшін біз бір емес, тағы бір қосымша арнаны аштық. Яғни, бір арна істен шығып қалса, екіншісі жұмысқа қосылады», дейді ол. Комиссия төрағалары Білім және ғылым министрінің бұйрығымен тағайындалады. Ал оның құрамы жергілікті білім басқармаларымен анықталады.
Соңғы жаңалықтар