Ұлттық экономика министрі: Әлеуметтік азық-түлікке бағаны ұсынып отыру қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде бөлшек сауда бағасын реттеу мен нормативтік-құқықтық деректерді жаңартуды жалғастыру қажет.

Ұлттық экономика министрі: Әлеуметтік азық-түлікке бағаны ұсынып отыру қажет

Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

«Бөлшек сауда бағасын реттеу мен нормативтік-құқықтық деректерді жаңарту тетіктерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осыған орай министрлікте осы жылдың жазында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық өндірушілері, көтерме саудагерлері мен дистрибьютерлері бойынша талдау жүргізуге мүмкіндік беретін аналитикалық дерек құрылған», - деді ол

Осыған байланысты министр, келесі заңнамалық және ұзақ мерзімді шараларды ұсынды. «Шекті мен шекті рұқсат етілетін бағаны заңнама деңгейінде пысықтау қажет. Алып-сату бағасының өсуі кезеңінде сауда үстемесін 20-25 пайыз деңгейде белгілеу бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді ұсынамыз. Нарықтар мен базарлардың сатушы сөресіне отандық өндірушілер тікелей кіруі керек. Шартты түрде әкімшіліктер нарыққа әсер ете алмайды. Ол жақта монополияландыру жүргізіліп жатыр. Мұнан бөлек, заңнамада әсер ету тетігі көзделмеген. Заңнамада отандық өндірушілерге 25-30 пайыздық сауда-саттық алаңына рұқсат белгілеуді мақсатқа сәйкес деп есептейміз», - деді ол.

Қ.Бишімбаев барлық сауда-саттық базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге ұсыныс бағаларын белгілеу қажеттігін атап өтті.  Сондай-ақ орта мерзімдік болашақта импортқа тәуелді тауарлар ірімшік, ақ ірімшік, қант, құс еті, сұлы және қарақұмықты өндіруді ұлғайту бойынша шараларды қолдану ұсынылып жатқанын еске салды.

«Азық-түлік тауарларын және ауылшаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді жүзеге асыратын «әлеуметтік» дүкендер, сауда-саттық орындарды ашу бойынша өткен жылдары бастаған жұмыстарды жалғастыру керек. Көтерме сауда-саттық үйлерінде азық-түлік тауарларына жоғары бағаларды ескере отырып, қалалар жанындағы үлкен көтерме базарларын салуға инвестициялауды ынталандыру мақсатқа сәйкес деп есептейміз», - деді министр.

Сонымен қатар Қ.Бишімбаев, бағаны тұрақтандыру бойынша аумақтық штабтарды, сондай-ақ аумақтағы ағымдағы жағдайды талдау мен ақпаратты жинау бойынша жұмыстарды іске қосу қажеттігін айтты.