Ұлттық экономика министрі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудағы бірқатар проблемаларды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың жетекшілігімен өтіп жатқан Үкімет отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының жүзеге асыру барысы талқыланды. Ол бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бағдарлама барысындағы бірқатар проблемаларды атап өтті.
None
None

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту» бағыты бойынша 96 өңірлік жобалар жоспарланып, әкімдіктерге 60 млрд. теңге бөлінген. «2015-2016 жыл бойынша жалпы 258,8 шақырым жылу және сумен қамту желілерін, су бөлу жұмыстарын атқару жоспарланған. Жыл соңына дейін 51,4 шақырымға дейін желілерді салу мен құрылысын жаңғырту көзделеді. Қалған 57,4 шақырым 2016 жылы атқарылады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірқатар прорблемалар анықталды. Біріншіден, бюджетті игеру мәз емес. Мәселен, Ақмола (57%), Павлодар (66%), Қостанай (40%) облыстары мен Алматы (43%) және Астана (13%) қалаларында бұл көрсеткіш төмен. Бұл негізінен конкурстық үдерістерді өткізу мерзімінің кешігуімен байланысты», деп атап өтті министр Досаев. Бұдан бөлек, министр бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы жоспарлаудың тиімсіздігін де атап өтті. Мәселен, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында жобалар жобалық-сметалық құжаттардың жоқтығына байланысты кейінге шегерілген. Соның салдарынан бюджетті қайта қарау барысында 3,5 млрд. теңге қайта бөлінді. «Үшіншіден, құрылыс-монтаждау жұмысының сапасы да сын көтермейді. Атап айтқанда, құрылыс нормалары мен ережелерінен ауытқушылық Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында байқалды. Сонымен бірге, бөлінген қаражаттың толық игерілуі үшін облыс әкімдеріне келер жылы конкурстық үдерістерді уақытылы өткізу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Е. Досаев.

Соңғы жаңалықтар