Ұлттық экономика министрлігі Altel мен Tele2-нің даулы ролигіне қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Kcell мен Beeline ұялы байланыс операторларының Altel мен Tele2 біріккен компаниясының автомобиль кептелісіне қатысты видеоролигіне байланысты шағымына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта «Кселл» АҚ мен «Кар-Тел» ЖШС-і (Beeline брендінің меншік иесі) операторларына шағым түскендігі айтылады. Шағымды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қалалық департаменті қарайтын болады.

Мәселені жан-жақты әрі объективті зерделеу үшін монополияға қарсы орган Ұлттық зияткерлік меншік институтына сауал жолдаған.

«Алынған мәліметтер бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР Заңнамасына сәйкестігі бойынша сарапталады және сәйкесінше шешім қабылданады», - делінген жауапта.

Айта кетерлігі, даулы видеоролик әлеуметтік желіде осыдан 2 аптаға жуық уақыт бұрын тараған еді.

Соңғы жаңалықтар