Ұлттық экономика министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес әдеп жөніндегі уәкіл болып Заң департаментінің директоры Дәурен Мұратбеков тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Дәурен Мұратбеков Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық заңгер мамандығы бойынша және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандағы бойынша бітірген. Еңбек жолын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Заң департаментінің директоры қызметіне дейін көтеріліп, барлық кәсіби өсу баспалдақтарынан өткен.

2011 - 2014 жылдары «Ұлттық инновациялық қор» АҚ орталығы директорының орынбасары және «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ орталығының басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бері ҚР ҰЭМ Заң департаментінің директоры.

Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу шараларын қамтамасыз ету кіреді.

Соңғы жаңалықтар