Ұлттық футбол лигасының Кубогы тағайындалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚФФ-ның интернеттегі сайтына сілтеме жасап.
Бұл алқалы жиында комитет шешімімен Премьер-Лига клубтарының қосалқы құрамдары арасындағы турнир пішіні екі айналым бойынша өтетін болды. Премьер-Лиганың қосалқы құрамдары арасында сондай-ақ, Ұлттық футбол лигасы Кубогы тағайындалды. Оған қосалқы құрам командаларының бәрінің қатысуы міндетті болмақ. Қазақстан футбол федерациясы атқару комитетінің вице-президенті, Ұлттық футбол лигасының директоры Сейілдә Байшақовтың айтуынша, қосалқы құрамдардың матчы қалыптасқан дәстүр бойынша командалардың негізгі құрамдарының кездесуі қарсаңында өтеді. Чемпионаттың екінші кезеңінде негізгі құрамдары турнир кестесіндегі өз ойындары бойынша алтылыққа бөлінге кезде, осы топтарда алған орындарға қарамастан қосалқы құрамдар да өзара сайыс өткізеді. Екі айналымдық кездесуден кейін топ үздіктері ҰФЛ Кубогын сарапқа салатын болады. Соның нәтижесінде елде тағы бір жастар турнирі пайда болмақ. Қосалқы құрам футболшыларының жасына (21 жасқа дейін) қойылатын шектеу алдағы уақытта сақталады. Онда Лига кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстан чемпионатына қатысатын Премьер-Лига клубтарының легионер-футболшыларының жасын шектеу тәртібі де қайта қаралды. Комитет шешімі бойынша 30 жастық шектеу өз елдерінің ұлттық құрамалары сапында 2010 жылғы Әлем чемпионатының 2008 және 2009 жылғы іріктеу турниріне қатысқан футболшыларға қолданылмайды.