09:22, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Ұлттық ғарыш орталығында ЕҰУ-дың радиотехникалық зертханасы ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да (ҚҒС) Бірлескен ғылыми-өндірістік орталық (ҒОӨ) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы ашылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Радиотехникалық зертхана» ҒӨО радиотехника және электроника саласындағы инновациялық технологияларды дамыту және Қазақстан Республикасында өндірістік-технологиялық алаң құру бойынша елдің жетекші ЖОО-лары мен ұлттық компаниялардың жұмысының нәтижесі болып табылады», - деп атап өтті ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин.
ҚҒС компаниясының дәлдігі жоғары серіктік навигация жүйесінің орталығы тәжірибелі өндірісінің 550 шаршы метрінде орналасқан радиотехникалық зертхана радиомонтаж учаскесін, тестілеу учаскесін, сәйкестікті бағалау зертханасы және механикалық шеберхананы қамтиды. Ол ғылыми әзірлемелер мен эксперименттер жүргізу үшін заманауи жабдықпен жарақталған.