Ұлттық ғылыми кеңестер туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы қаулысы шықты. Осыған орай ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды. 

Ұлттық ғылыми кеңестер туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 407 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесінде:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс" ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.";

      2) "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:

      "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық белгісінсіз)" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев