Ұлттық ғылыми кеңестер туралы қаулығы өзгерістер енгізілді - Үкімет қаулысы
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Үкімет қаулысымен «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 қаулысына өзгерістер енгізілді.
ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №38, 468-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен құрылған ұлттық ғылыми кеңестер тізбесінде: 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу; 2) энергетика және машина жасау». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.