Ұлттық ғылыми кеңестердегі былықтар анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы заңды өрескел бұза отырып жасақталған. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Агенттік өткен жылдың қыркүйегінде Ғылым комитеті қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерге сараптама жүргізген болатын. Нәтижесінде келесі жемқорлық тәуекелдер анықталды: комитет басшылығы тарапынан әлсіз ведомстволық бақылау байқалады. Бұл комитет қызметшілері тарапынан да, бағынышты ұйым қызметкерлері тарапынан да көптеген заңнама бұзушылыққа алып келеді", - деді ол.

Оның атап өтуінше, комитет жұмысындағы негізгі жемқорлық тәуекелдер ұлттық ғылыми кеңестер қызметін үйлестіруде байқалады. Аталған кеңестер 7 бағытта құрылған. Олардың негізгі қызметтері республикалық бюджет есебінен гранттар бойынша шешім қабылдау.

"Мынадай проблемалар анықталды. Бірінші, қазіргі жұмыс істеп тұрған кеңестердің құрамы заңнаманы өрескел бұза отырып жасақталған. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің 11 тармағына сәйкес олардың құрамына ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілерінің басшылары, олардың орынбасарлары, бір ұйымнан бірден артық қызметкер кірмеуі қажет. Дегенмен, бұл талап сақталмаған", - деді департамент басшысы.

Мәселен, Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, табиғи ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер бағытындағы ұлттық ғылыми кеңес төрағасы Қалимолдаев Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының директоры қызметін атқарады. Кеңес құрамына Ұлттық биотехнология орталығының екі қызметкері кіреді. Осылайша, ҰҒК-нің қазіргі құрамын заңсыз деп есептеуге болады.

"Комитет бұл бұзушылықты жою үшін ешқандай шара қабылдамай отыр. Бұған қоса, бұл мүдделер қақтығысына алып келеді. Ол кеңес шешімдерімен дәлелденген. Мәселен, Қалимолдаев басқаратын Ақпараттық және есептеу технологиялары институты 1 млрд 384 млн теңге немесе бұл бағытта бөлінген барлық қаржыландырудың 24 пайызын алып отыр. Бұған қоса, аталған институтқа 447 млн теңгенің 16 жобасы мақұлданған", - деді Д.Сабырбаев.

Соңғы жаңалықтар