Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысымен «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» қаулыларға өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамы бекітілді

ҚР Үкіметінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 және «Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы» 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. Аталмыш құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.