Ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген қаражатты талан-таражға салуға қатысы бар деген күдікті С. Тұржановқа ресми айып тағылды

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Үстіміздегі жылы Ұлттық халық санағын өткізуге мемлекеттен бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салуға қатысы бар деген күдікті,

Ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген қаражатты талан-таражға салуға қатысы бар деген күдікті С. Тұржановқа ресми айып тағылды
«Киік фирмасы» ЖШС-ның құрылтайшысы Серік Тұржановқа маусымның 12-де ресми айып тағылды. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Прокуратура айыпты қуаттады, Сот оны қамауға алу жөнінде санкция берді. «Кейбір БАҚ-да айыпталушыға берілген айыптың заңсыздығы жайлы пікір беріліп жүр. Бұл теріс деп есептейміз. Себебі, олар тергеумен анықталған дәлелді істі бұрмалауда. Тұржановтың айыпты немесе айыпты еместігін сот шешеді», - деп атап көрсетті ол.Еске сала кетейік, 2009 жылғы ақпан-наурыз айларында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағын өткізуге мемлекеттік бюджеттен бөлінген 1 млрд. 144 миллион теңгенің 764 млн. 800 мың теңгесі ысырап етілгендігі анықталған болатын. Оның 497 млн. 800 мың теңгесі жалған кәсіпорындардың есепшоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.