Ұлттық холдингтерге еншілес ұйымдардан түсетін кірістің 50% мемлекетке дивиденд төлеуге бағытталады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Енді республикалық меншіктегі ұлттық холдингтерге еншілес ұйымдардан түсетін таза кірістің 50 пайызы мемлекеттік акциялар пакетіне дивиденд төлеуге бағытталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық холдингтерге еншілес ұйымдардан түсетін кірістің 50% мемлекетке дивиденд төлеуге бағытталады

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын қоспағанда, акцияларының 100 пайызы республикалық меншіктегі ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық холдингтер 2023 және одан кейінгі жылдардың қорытындысы бойынша акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен еншілес ұйымдардың таза кірісінің бір бөлігін еншілес ұйымдардан алынатын кірістің 50 пайызы мөлшерінде мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдасын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжат 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Үкімет басшына жолданады.

Қоса кетсек, бұған дейін республикалық меншіктегі «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ енді мемлекетке аз дивиденд төлеуі мүмкін екенін жазып едік.