Ұлттық инновациялар байқауының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік 2017 жылдағы Ұлттық инновациялар байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық инновациялар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Атап айтқанда, биылғы конкурс мектеп оқушылары, студенттер, өнертапқыштар, журналистер арасында өтті. Жалпы конкурсқа 1 мыңнан астам адам қатысуға өтініш берген.

Ағымдағы жылғы байқау 5 аталым бойынша ұйымдастырылды. Сонымен «Жылдың ең үздік өнертапқыштық шешімі» аталымында жеңімпаз әрі жүлдегер ретінде Давлатбек Ходжибергенов, Василий Пустовойтенко, Борис Ким атанды.

«Студенттер арасындағы ең үздік инновациялық жоба» аталымында Дана Абдрахманова, Еркебұлан Нагишев, Гүлбану Қыдырбаева мықтылар қатарынан көрінді.

null

Сонымен қатар «Орта мектеп оқушылары арасындағы ең үздік инновациялық жоба» бойынша Любовь Дудченко, Әлімжан Кеңесбеков, Ксения Богданчикова жүлдеге ие болды.

Мұнымен қоса, «Инновациялық тақырыптағы ең үздік журналистік материал» аталымы бойынша бірқатар тілшілер агенттік тарапынан марапат алды. Бұл аталым ішінде 8 қосалқы аталым қамтылды.  Осылардың арасында «Инновациялық тақырыптағы қазақ тіліндегі ең үздік интернет материал» аталымы аясында Қанат Махамбет, Дәурен Ерболатов, Алтынбек Құмырзақұлы марапатталды.

Ал «Инновациялық тақырыптағы орыс тіліндегі ең үздік интернет материал» бойынша Юрий Масанов, Шухрат Хашимов, Индира Қауметова жеңімпаз атанды.