«Ұлттық инновациялық қор» инновациялық гранттардың бірінші траншын 1,9 млрд. теңгемен қаржыландырды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылы Ұлттық инновациялық қор Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша, инновациялық гранттарға байқау жариялаған болатын. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың осы құралын жүзеге асыру үшін өткен жылы 7,3 млрд. теңге бөлінген еді. Жалпы, жеке және заңды тұлғалар құжаттарды қабылдау кезеңі бойынша инновациялық гранттарды ұсынуға 679 өтініш берген.
«Іріктеу нәтижелері бойынша 7,133 млрд. теңгенің жалпы сомасына инновациялық гранттарға қатысты 129 шарт жасалды. Шарттар тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды және қолданбалы сипаттағы қауіпті зерттеулерді орындауға инновациялық гранттар ұсынуды, шетел мемлекеттерінде және халықаралық патенттік ұйымдарда зияткерлік меншіктің нысандарын патенттеуді, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздеуін әзірлеуді, сонымен бірге инновациялық технологияларды сатып алуды қарастырады. Ал қаржыландыру кестесіне сәйкес барлық жобалар кезеңдерге бөлініп, төлемді тиісті транштар арқылы Қор жүзеге асырады. Осыған орай 122 шарт бойынша Қор арқылы 1,9 млрд. теңгеден аса төленді», - делінген баспасөз баянында.
Жалпы инноваторлар елді индустриялық-инновациялық дамыту жолында үлкен жұмыс жүргізуде. Бұл ретте Қор маңызды рөлді атқарады.