Ұлттық кардиохирургиялық орталықта бірегей операциялар жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 2 айында Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта 1 100-ден аса ота жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық кардиохирургиялық орталықта бірегей операциялар жасалды

«Тек биылғы жылдың 2 айында «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-да 1122 ота жасалды. Оның 246-сы ашық жүрекке, 258-і балаларға жасалды»,-делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар, 9 бірегей ота жасалды, яғни оның үшеуі жүрек трансплантациясы, 1 өкпе трансплантациясы, 5 жүректің сол қарыншасының қосалқы қондырғысын импланттау.

Өкпе ауыстыру отасы отандық медицинадағы бірегей хирургиялық әрекеттердің шынайы көрінісі болды. Бұл тыныс алу жолдарының күрделі сырқаттарына ұшыраған қазақстандықтар үшін өкпе трансплантациясын жасауды жүйелі жолға қоюға мүмкіндік берді.

«Трансплантацияның сәтті болуы аталған үдеріске тұрғындардың өздерінің қатысуымен, қоғамның рухани сана-сезімінің дамуымен тікелей байланысты. Донорлыққа ерікті, саналы түрде келісім беріп, азаматтардың адам өмірін құтқаруға дайын болуы ізгілік пен адамгершіліктің нағыз шыңы екені күмәнсіз. Трансплантацияға келісім берген донорлар отбасының игі шешімі құрмет пен алғысқа лайық», - дейді «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқарма басшысы Юрий Пя.

Айта кетейік, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы Орта Азия аймағы бойынша медициналық қызмет көрсету деңгейінің халықаралық сапа стандарттарына сай алдыңғы қатарлы кардиохирургиялық емхана болып табылады.