Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЖОО-ға дуалды білім беруді енгізу бағдарламасын әзірлемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жақын аралықта еліміздің жоғары оқу орындарында дуалды білім беруді енгізу бағдарламасын әзірлеп шықпақ. Бүгін Астанада Қазақстан Кәсіпкерлері ұлттық палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің отырысында палатаның Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Өкінішке қарай, біз жоғары оқу орындары бойынша өзімізге қандай да бір нақты бағдарлама дайындаған жоқпыз. Әзірше, жұмыс тек бақылаушы кеңестердің айналасында ғана өрбіп отыр. Біз сонымен қатар, колледждердегі секілді жоғары оқу орындарына да дуалды білім беру жүйесін қалыптастыруға тиіспіз деп санаймыз. Жақын аралықта, осындай бағдарламаны әзірлейтін боламыз», - деді Н. Әлтаев.

Оның айтуына қарағанда, бүгінгі күні жоғару оқу орындарының автономизациясы туралы заң қабылдау жоспарлануда. Осы заң аясында жоғары оқу орындарының жанынан байқаушы кеңестер құрылмақ. «Ондай кеңестер құрамында мүшелікте бизнес өкілдері де болады әрі олар жоғары оқу орындары арасында бюджеттерді бөлу мен оқу орындарын басқару жұмысына да қатысады. Білім және ғылым министрлігі тарапынан палата өкілдерін байқаушы кеңес құрамына енгізу туралы өтініштер де түсе бастады», - деді Н. Әлтаев.

Соңғы жаңалықтар