Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясында жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясында жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оқу-әкімшілік және спорттық нысаннан құралған жаңа корпусты Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, генерал-майор Әділ Шаяхметов салтанатты түрде ашты. Мұнда академия курсанттары мен тыңдаушыларына арналған аудиториялар, компьютерлік сыныптар және лингофондық кабинеттер, оқу залы, кітап сақтайтын қоймасы бар кітапхана, кең спорттық залдар жұмыс істемек.ҰҚК академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басқару мамандарын дайындау және біліктіліктерін арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы жоғары оқу орны, ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылады. Курсанттар бірнеше шет тілін меңгереді. Оқу мекемесінің құрамында 6 факультет пен 24 кафедра бар. Профессор-оқытушылар арасында 50-ден астам ғылым кандидаттары мен докторлары еңбек етуде.
Соңғы жаңалықтар