Ұлттық кеңестің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Оған әр өңір онлайн-форматта қосылады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау. Сондай-ақ отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік басшылығының қатысуымен Ұлттық кеңестің жұмыс топтарында талқылау өтеді», - деді Ерлан Қарин telegram каналында.


Соңғы жаңалықтар