Ұлттық кеңестің қоғамдық кеңестерден айырмашылығы не
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің қызметіне арналған дөңгелек үстелде сарапшы Алуа Жолдыбалина оның қоғамдық кеңестерден айрмашылғын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина Ұлттық кеңеске Еуропалық Одақ, АҚШ, Малазия және Сингапур елдерінде пайдаланылатын форматтарды ұсынды.
«Менің пікірімше, Ұлттық кеңес жұмысын бастамас бұрын ақпараттық жұмыстарды көбейту керек. Мақсатын көпшілікке түсіндіру керек», - деген сарапшы аталмыш кеңестің басқа қоғамдық кеңестерден айырмашылығын атады.
«Ұлттық кеңестің мақсаты – жұртшылықтың, саяси партияның, азаматтық қоғамдардың барлығының пікірін жинақтап көрсету. Ал қоғамдық кеңестер саяси партиямен жұмыс істемейді, тек қана азаматтық сектормен жұмыс істейді. Яғни, билік пен азаматтық сектор арасында делдал болып жұмыс істейді. Міне, елге екі кеңестің екі бөлек орган екенін, міндеттері мен қызметтері де бөлек екенін түсіндіру қажет»,- деді Алуа Жолдыбалина.
Сондай-ақ, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзіне елдің сенімі қалыптасып болмағанын айтқан болатын.
Аталмыш дөңгелек үстелден кейін Ерлан Саиров журналистерге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қалай мүше болғанын айтып берді.
Ерлан Саировтың пікірінше, Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек.