Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген ашық конкурс бойынша тексеру тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекет қаражаты есебінен түсірілетін кинжобаларды іріктеу үшін өткізген ашық конкурс бойынша тексеру тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2023 жылғы 22 мамырда «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында өткізілген 2023 жылға арналған киножобалардың ашық конкурсына Министрлікте тексеру жүргізу комиссиясы құрылды. Тексеру жұмыстары құрылған комиссия шеңберінде жүргізіледі және мәселе уәкілетті органның тұрақты бақылауында», - деп жазады Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, ол бұл мәселе бойынша Мәдениет және спорт министрлігі қандай ұыстанымда екенін де түсіндіреді.

«Ашық іріктеуде қабылданбаған киножобалардың 38 өтініш берушінің негізгі қызметі экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес келмеуі, 21 киножобада құжаттар қағаз түрінде ұсынылмаған және сценарийге патенттің жоқ болуы, 94 киножобада дәйексіз деректер немесе бұрмаланған ақпарат ұсынылуы (патент киножобаның атауына сәйкес келмейді, компаниялардың салық берешегі бар, өтініш беруші іске асырған жобалар туралы растайтын құжаттар жоқ және т.б.) бойынша бұзушылықтар анықталған. Сондықтан 153 жоба қабылданбай, қайтарылды. Бұдан бөлек Министрлік пен Орталыққа іріктеуге өтпеген өтінім иелерінің 60-тан астам арыздары түсті. Арыз иелеріне ресми жауап беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - делінген жауапта.


Соңғы жаңалықтар