Ұлттық кітапханада «Конституция - Қазақстан өркені мен өрлеуінің негізі» атты кітап көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен Конституция күніне орай «Конституция - Қазақстан өркені мен өрлеуінің негізі» атты кітап көрмесі ашылды,

  Ұлттық кітапханада «Конституция - Қазақстан өркені мен өрлеуінің негізі» атты кітап көрмесі ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар, атап айтқанда, 2006 жылы шыққан «Қазақтың ата заңдары», Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы, Сұлтан Сартаевтың 2005 жылы шыққан «ҚР Конституциясының қалыптасуы» деген кітабы, Сәкен Созақбаевтың «Тәуке хан», «Жеті жарғы» кітаптары көрмеге қойылған.

Кітап көрмесінде Қазақстан Конституциясының  негізгі бағыттары жүйелі түрде көрсетілген. Мемлекетіміздің үш билігі - Президент, Парламент, Үкімет және Конституциялық кеңес жайлы да бөлім бар. Сонымен қатар, адам және адамзат құқықтары, ішкі саясаттың негізгі бағыттары, Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы, ұлтаралық татулық жайлы кітаптары көрмеге қойылған.

 Көрме қыркүйек айының 5-не дейін жалғасады.