Ұлттық комиссия әйелдерге қатысты тұрмыстық зомбылықты айыппұл салудан әкімшілік қамауға алмастыруды ұсынады
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Қылмыстардың алдын алу және құқық бұзушылықтар профилактикасы: қазіргі жай-күйі және жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында Ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.
Г. Әбдіқалықованың айтуынша, Ұлттық комиссия аталған мәселені жіті зерделеп, арнайы ұсыныстар да әзірлеген. «Оның ішінде айыппұлдарды әкімшілік қамауға алмастыру мәселесі де бар. Өйткені тұрмыстағы зорлықтың құрбанына айналған әйелдер тарапынан көптеген шағымдар түсуде, онда айыппұл санкциялары тағайындалған «тұрмыстық тирандар» ондай міндеттерді еш орындамайтыны да айтылады. Соған орай, кей жағдайда әйелдердің өздері әлгіндей айыппұлды төлеуге мәжбүр болып жатады», ‑ дейді Г. Әбдіқалықова. Оның айтуынша, Ұлттық комиссия әлеуметтік жауапкершілікке алып келетін шектен шыққан қаталдыққа қатысты нормаларды жетілдіру қажет деп санайды.