Ұлттық компаниялар мен жергілікті кәсіпорындар арасында жалпы сомасы 32 млрд. теңгенің келісімі жасалды - Ө. Шөкеев

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» ХДП-да өтіп жатқан қазақстандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің жалпы ұлттық форумы шеңберінде ұлттық компаниялар мен жергілікті кәсіпорындардың арасында жалпы сомасы 32 млрд. теңгеге келісімдер жасалды.
None
None
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өтіп жатқан форумда Үкімет басшысының орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның атап көрсеткеніндей, Елбасының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған форум отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталып отыр. «Форум бір жағынан мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сатып алулар кезінде қазақстандық тауар, жұмыс және қызметтердің санын арттыру бойынша дайындық жұмыстардың қорытындысы болса, екіншіден, бұл мақсаттарды тәжірибеде жүзеге асырудың бастамасы болып табылады. Мемлекеттік сатып алулар 4 бағытқа бөлініп отыр ? мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйе құрушы ұйымдар жүзеге асыратын сатып алулар. Олардың орындалуына Индустрия және сауда министрлігі мен әкімдер мониторинг жүргізіп, сол арқылы ішкі сұранысты ынталандыратын болады. Бұл тұрғыда ынталандырудың, мониторинг, реттеу мен бақылау жүргізудің бірегей заңнамалық нормативтік жүйесін құру жоспарланып отыр», деді ол. Ө. Шөкеевтің айтуынша, соңғы екі айда заңнамалық құжаттардың толық пакеті дайындалып, бүгін ертең Үкімет қарауына жолданады. Бюджет есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетулерді ҚР Қаржы министрлігі электрондық Үкімет жүйесі арқылы жүзеге асырса, кен өндірушілер мен ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің салалық ұйымдары айналысады. Сонымен қатар Энергетика министрлігінің қарауына жер қойнауын өндіруге қатысты келісімшарттардың орындалуына қадағалау жүргізетін Келісімшараттар агенттігі беріліп отыр. Ұлттық компаниялар мен жүйе құрушы кәсіпорындарға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Индустрия және сауда министрлігі жауапты болады.
Соңғы жаңалықтар