Ұлттық компаниялардың қайырымдылық істеріне қоғамдық бақылау орнату қолға алынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық компаниялардың қайырымдылық істеріне қоғамдық бақылау орнату қолға алынбақ. Бұл туралы бүгін Астанада қайырымдылық мәселелеріне арналған жиында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Николай Кузьмин мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, биыл қарашада қабылданған «Қайырымдылық туралы» заңда бұл норма енгізілген. «Қазір біз мемлекеттік сектордың үлесі 50 пайыздан асатын ұлттық компаниялардың қайырымдылық істерін қадағалау мақсатында қадағалау кеңестеріне Қазақстан xалқы Ассамблеясы мүшелерін енгізуді қарстырып жатырмыз. ҚХА мүшелері олардың бұл бағыттағы қызметтерін реттеп, қадағалап отыратын болады», - деді ол. Оның айтуынша, ҚХА мүшелері қайырымдылыққа кеткен ақшалардың мақсатты жұмсалуын қадағаламақ. Бұл өз кезегінде елдегі қайырымдылық бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз етпек. «Қаражат қайда кетіп жатқандығын қоғам білмейді. Егер бұл норма жүзеге асса, қолда нақты есеп болады», - деді депутат. Н.Кузьминнің сөзіне қарағанда, жыл сайын ұлттық компаниялар мен xолдингтер қайырымдылыққа пайданың 17 пайызын бағыттаған. Дегенмен, оны қадағалау жағы кемшін.

Соңғы жаңалықтар