Ұлттық қор активтері қандай деңгейде өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық қордың қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бюджеттік процестің маңызды компоненті – ол Ұлттық қор. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша оның активі 27,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде валюталық портфель 58,5 млрд доллар. Атап айтқанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, министрлік тарапынан қордың жинақ қызметін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осы орайда Ұлттық қордан кепілді трансферт көлемін біртіндеп қысқарту бойынша Бюджет кодексіне түзетулер енгізілді. Бұл қадамдар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етіп, мұнайлы емес тапшылықты біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады.


Соңғы жаңалықтар