Ұлттық қор қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды - Бас прокуратура

АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тексерулер барысында Ұлттық қор қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті,

Ұлттық қор қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды - Бас прокуратура

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Прокурорлар биылғы жылы Ұлттық қордан ипотекалық несиелерді қаржыландыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп саласын дамытуға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына тексерулер жүргізді. Осы тексерулер барысында Ұлттық қор қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды»,-деді ресми өкіл.

Оның айтуынша,  банктер шағын және орта бизнес өкілі болып табылмайтын, яғни несие алуға құқы жоқ 4 қарыз алушыға 800 миллион теңгеден астам қаржыны несие ретінде берген.

«Тексеру қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, қылмыстың белгілері бар материалдар тиісті органдарға процессуалды шешім қабылдау үшін жолданды»,-деді ресми өкіл.