Ұлттық қор Қазақстан игiлiгiне қызмет ете бастады - депутат Н.Логутов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiнде Ұлттық қор Қазақстан игiлiгiне қызмет ете бастады. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» парламенттік фракциясының мүшесі, ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты Николай Логутов мәлiм еттi.
«Бүгiнде Ұлттық қор Қазақстан игiлiгiне қызмет ете бастады және оны қордан алып қана қоймай, болашақ ұрпақтың мәселелерiн шешу үшiн де әрбiр теңгесi пайда әкелетiндей етiп жаратылмақ», - деп атап өттi мәжiлiсмен.
Оның сөзiне қарағанда, әлемдiк дағдарыс жағдайында Ұлттық қордың болуы шетелдiк инвесторлардың алдында Қазақстанның беделiн асырады.
«Бұл - Қазақстанның беделiне оң әсер ететiнi сөзсiз. Президент атап өткенiндей, қазiргi уақытта шетелден шамамен 100-ден астам компания Қазақстанның ҮИИДБ бағдарламасының екiншi бесжылдығы аясында кәсiпорындарды ашуды жоспарлап отыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып, қалалардың дамуына ықпал етедi», - дедi Н.Логутов.