Ұлттық қор қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономикалық қауіпсіздіктің сенімді кепіліне айналды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ұлттық қор қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономикалық қауіпсіздіктің сенімді кепіліне айналды. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Премьер-Министр азаматтардың материалдық әл-ауқатын, әлеуметтік тұрақтылықты, сондай-ақ жалпы экономиканың дамуын қолдау бағытында Ұлттық қор мүмкіндіктері арқылы дағдарысқа қарсы шаралар пакетін жүзеге асыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті. «Елбасының тапсырмасы бойынша 2008 жылы Ұлттық қордан экономиканы қолдауға елеулі ресурстар, яғни 1 триллион 200 миллиард теңге бөлінді. Ағымдағы және алдағы жылдары шикізаттық сектордың кірістері дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыруға бюджетке бағытталатын болады. Бұл 550 миллиард теңгені құрамақ», - деді К. Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар