Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің жыл сайынғы мөлшері 2012-2013 жылдарға 1 трлн. 380 млрд. теңгені құрайды

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат  - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңына өзгеріс енгізу
None
None

туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған құжат бюджет кодексінің 24-бабы, 2-тармағына, сондай-ақ ҚР Президентінің ағымдағы жылғы Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес әзірленген.

Осыған орай заң жобасымен Ұлттық қордан 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері нақтыланады. Бұл ретте аталған мөлшер абсолютті мәнде 8 млрд. доллар деңгейінде бекітіліп отыр. Тоқтала кететін жәйт, республикалық бюджетке берілген кепілдендірілген трансферттің мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты (контрциклдік қағидат) 15 пайызға дейін азайту немесе ұлғайту жағына қарай түзетілуі мүмкін. Осыны ескере келе, сондай-ақ,  1 АҚШ долларының болжамдық бағамы 150 теңге екенін ескере отырып, кепілдендірілген трансферттің жыл сайынғы мөлшері 2012-2013 жылдарға 1 трлн. 380 млрд. теңге мөлшерінде айқындалды.

Жалпы алғанда заң жобасын қабылдау орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, республикалық бюджеттің басқа да шығыстарын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар