Ұлттық қордың активтері 2015 жылға 72,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі қажет - Қ.Келімбетов

ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлттық қордың активтері 2015 жылға 72,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі қажет. Бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов осылай айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, бюджет саясаты мұнайдан түскен түсімдерді «жеп қоюға» жол бермеу мақсатында бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуге құрылды. Әлемдік экономикадағы жағдайдың әлеуетті ушығып кетуін есепке ала отырып, орта мерзімді перспективада Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі Тұжырымдамаға сәйкес 8 млрд. АҚШ доллары көлемінде кепілденген трасфертті шектеу арқылы Ұлттық қорда қаржы қаражаттарын жинақтау саясаты жалғасатын болады.

«Ұлттық қордың активтері 2015 жылға 72,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі қажет. Бұл ЖІӨ-нің 30,4 пайыздан кем емес бөлігін құрайды. Осыған байланысты 2012-2014 жылдары Ұлттық қордан бөлінетін трансферт 1 200,0 млрд. теңге көлемінде жоспарланған», - деді ол.

Қ.Келімбетовтің сөзіне қарағанда, Ұлттық қордан бөлінетін кепілденген трансфертті шектеу Қорда мұнайдан түскен табыстардың таза жинақталуына мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде кепілдендірілген трансфертті шектеу мұнай қаражатының таза жинақталуына және Ұлттық қордан тартылатын қаражаттар үлесінің 2012 жылғы 21,8 пайыздан 2014 жылы 18,7 пайызға дейін төмендеуіне әсер етеді», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар