Ұлттық қорға жоспарлы түрде түсетін 1,2 трлн. теңге дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады ? Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Данияр Сихымбаев/ - Биылғы жылы Ұлттық қордың тұжырымдамасы өзгерді, бұл уақытша – дағдарыс кезеңіне ғана арналған шара. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен Қазақстан жөнінде өткен Fitch Ratings конференциясында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді,

Ұлттық қорға жоспарлы түрде түсетін 1,2 трлн. теңге дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады ? Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазір Ұлттық қорға жоспарлы түрде түскен ? 1,2 трлн. теңге көлеміндегі қаржы ? экономикаға, республикалық бюджетке бағытталып, дағдарысқа қарсы шаралар мен ағымдағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады», - деді Т.Сүлейменов. Оның сөзіне қарағанда, мұнай секторынан келген 1,2 трлн. теңге дәстүрлі түрде алдымен Ұлттық қорға түседі де, содан кейін кепілді трансферт түрінде даму жобаларына қарай бағытталады. «Президенттің өз Жолдауында қосымша қаржыландыруды қажет ететін салаларды атап көрсетуіне байланысты ? бұл аймақтарды әлеуметтік қолдау, мамандарды қайта даярлау және т.б., 347 млрд. теңге көлемінде қосымша мақсатты трансферт қажет болды. Осылайша, кепілді және мақсатты трансферттен алынған қаржы ? барлығы 1,2 трлн. теңге бюджетке қайта бағытталатын болады. Бұл жыл көлемінде жүзеге асырылады», - деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. Сондай-ақ ол, Ұлттық қордың 2009 жылғы қаңтардың 1-іне дейінгі халықаралық валюта резерві сол деңгейде қалғанын қосымша жеткізді.