Ұлттық қорғаныс университетінде соғыстар тарихы және әскери өнер кафедрасы ашылды
«Бұл кафедра еліміздегі әскери тарихшы кадрларды даярлайтын бірден-бір кафедра болғандықтан оның ашылуы Қазақстан Республикасының әскери білімі мен әскери ғылымы үшін маңызды оқиға саналып отыр. ҚР әскери тарихы тұтас алғанда әскери ғылым отандық ғылымның дамып келе жатқан саласы. Аталған кафедраның маңызы оның алдына қойылған міндеттерге байланысты арта түсетін болады. Кафедра PhD доктарантурасында «Әскери тарих» мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын болады, бұл оқу бағдарламасын кеңейту мен тереңдетуді көздейді», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі мәліметінде.
Ұлттық қорғаныс университетін дамыту тұжырымдамасында «Қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын әскери тарих» мамандығы бойынша магистратураға іріктеу жоспарланған. Осындай оқу бағдарламасының әзірленуі 2 жыл ішінде тұтас жоғары тарихи және жоғары әскери білімі бар маман қалыптастыруы тиіс.
Кафедра соғыс ардагерлерімен кездесулер өткізіп, әскери-тарихи мұражайлар мен мемориалдарға экскурсиялар жасайды. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы болашақта жекелеген тақырыптар бойынша сабақтар өткізу үшін көрнекті ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін шақыратын болады. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы оқу орындарының тарих факультеттерімен, ҚР ғылыми және мұрағаттық мекемелерімен байланысты дамытуға үлкен көңіл бөледі.
Қазірдің өзінде тарих пәні бойынша сабақтар магистранттармен, докторанттармен, даярлық курсының тыңдаушыларымен жүргізіліп отырғанын атап өткен жөн.