Ұлттық құрамалар жаттығуларына қайта кіріседі
«Тұрғындарға спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі. Бұл – жеке спорт түрлері, ашық аспан астында топтық жаттығулар. Жаттығу жасайтындар саны 5 адамнан аспауы керек және әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті», - деді А.Есмағамбетова.
Сондай-ақ, ол ұлттық құрамалардың жаттығуына рұқсат берілетіні туралы айтты.
«Бұған қоса, біз спорттық базаларда 30 адамнан аспайтын жағдайда және ұлттық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталатын болса, ұлттық құрама командаларға, спорттық клубы командаларына спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат бердік. Халық үшін бір отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде 3 адамнан көп жүруге рұқсат етілмейді. Саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, яғни ашық аспан астындағы барлық нысандарға баруға болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек», - дейді ол.