Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы «Астана» клубындағы бапкерлігі туралы мәселені ашып айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасының бас бапкері болып қызмет ету мен үшін үлкен құрмет. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында бүгін ғана футболдан еліміздің командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Юрий Красножан айтты.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы «Астана» клубындағы бапкерлігі туралы мәселені ашып айтты

«Алда маңызы зор әрі ауыр жұмыстар күтіп тұр. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Сондай-ақ, басын ашып айту керек, менің ұлттық құраманың бас бапкерлігімен қатар, «Астана» футбол клубының бас бапкерлігін бірге алып жүруім туралы мәселе қарастырылмайды», - деп атап өтті Ю.Красножан.

Оның айтуынша, Қазақстан құрамасындағы бапкерлердің бірі қазақстандық клубтарды жаттықтыратын мамандардың арасынан іріктеліп алынады. Қазір үміткерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Федерацияның мәліметінше, ресейлік жаттықтырушымен келісімшарт әлемде белгілі «2+2» сызбасы бойынша жасалған. Яғни бапкер екі жыл бойы өнімді еңбек етіп, үлкен жеттістіктерге жетіп жатса, келісім мерзімі тағы екі жылға ұзартылады.