Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ұлттық құрылтай құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын – Президент

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін орталық деңгейде жалғастыратын болады.

«Құрылтай - қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», - дейді ол.