Ұлттық құрылтайдың екінші отырысынан арнайы телешығарылым көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 21:00-де республикалық телеарналарда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысынан арнайы шығарылым көрсетіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салсақ, бүгін Түркістанда Президенттің қатысуымен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отырыста сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды.